Қазақстан халқының саны жарияланды

Қазақстан халқының саны жарияланды Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен. Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға өсті.

Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асып, 2 148 658 адамға жетті, ал Алматыда 2 347 924 адам тұрады.

Реклама
Реклама

1 миллионнан аса қазақстандық мына өңірлерде тұрады:

  • Астанада - 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);
  • Алматы облысында - 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);
  • Жамбыл облысында - 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);
  • Шымкентте - 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);
  • Қарағанды облысында - 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).

Халқы азөңірлер:

  • Ұлытау облысы - 218 993 адам (2 297 адамға азайды);
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 514 156 адам (8 015 адамға азайды);
  • Абай облысы - 595 676 адам (7 156 адамға азайды).

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалаларда 13 029 803 қазақстандық (256 688 адамға артты), ауылдарда - 7 466 172 қазақстандық тұрады(44 112 адамға азайды).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама