Қазақстан Қырғызстаннан жер телімдерін 49 жылға жалға алады

Қазақстан Қырғызстаннан жер телімдерін 49 жылға жалға алады gov.kg

Қазақстан Қырғызстаннан жер телімдерін 49 жылға жалға алады. Тиісті келісім мен шартты Қазақстан Сенаты депутаттары бүгін ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Қырғызстаннан жер телімдерін 49 жылға жалға алады. Тиісті келісім мен шартты Қазақстан Сенаты депутаттары бүгін ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы Қырғызстанның Ыстықкөл облысы аумағында орналасқан курорт-сауықтыру нысандарына Қазақстанның меншік құқығын реттеу туралы келісім Қазақстан тарапына (база объектісінен басқа) нысандарды жыл бойы жұмыс істейтін 3 және 4 жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңғырту міндеттемесін 2029 жылдың аяғына дейін ұзартуды көздейді. Елдер арасындағы бұл келісім 2006 жылғы 4 шілдеде қол қойылған.

Сенат депутаты Нұрия Ниязованың айтуынша, тараптар Қазақстанның инвесторлар тартуына, тіпті берілген аумақтағы нысандарды бұзуына да мүмкіндік беруге келіскен. Келісім Қазақстанның төмендегі төрт нысанға меншік құқығын бекітеді: "Қазақстан" санаторийі, "Самал" демалыс үйі, "Университет" спорт-сауықтыру лагері, "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы.

Реклама
Реклама

"Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Ыстықкөл көлінде "Қазақстан" санаторийін салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр, пайдалануға беру мерзімі, болжам бойынша, 2026 жылдың 4-тоқсаны. Сондай-ақ, санаторий аумағында бар барлық ғимарат пен құрылысты бұзу қарастырылған, тек Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың №1 саяжайы ғана тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның есімін ұлықтау нысаны ретінде қалдырылып, бұл нысан үй-музейге айналдырылмақ", - деді Ниязова.

Екінші құжатқа келсек, Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы Қырғызстанның Ыстықкөл ауданында жер телімдерін жалға беру туралы 2009 жылғы 1 желтоқсандағы шарт Қазақстанға жерді жалға алу құқығын береді.

"Шартқа сәйкес, тарапқа жалпы аумағы 58,8 гектар болатын жер телімдері 49 жыл мерзімге уақытша ақылы пайдалануға (жалға) берілді", - деп түсіндірді Ниязова.

Оның айтуынша, қырғыз тарапы жалға берілген нысандардың қол сұғылмауына кепілдік береді және оларды мемлекеттік меншікке алып қоюға бағытталған әрекеттерден бас тартуға міндеттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама