ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 қараша 2025 11:07
Қазақстан президенті Өзбекстан президентімен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.
Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу