Қазақстан Түркияға халал ет экспорттауға дайын

Айнұр Қапышова Корреспондент
Қазақстан Түркияға халал ет экспорттауға дайын Фото:depositphotos.com

Қазақстан мен Түркия агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейтуі қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түркия бизнес форумында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан мен Түркия агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейтуі қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түркия бизнес форумында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан егін алқаптарының аумағы бойынша әлемде алтыншы орында тұрғанын еске салды. Сондай-ақ еліміз астық экспорттайтын ең ірі он мемлекеттің қатарына кіреді.

"Былтыр диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 1,8 есе өсті. Осылайша, Қазақстан Global Food Security индексі бойынша 32-ші орында тұр. Былтыр екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің алыс-берісі 25 пайызға артты. Алайда, елдеріміздің бұл саладағы әлеуеті зор. Мысалы, Tiryaki Holding компаниясы Астанада бидай мен бұршақты терең өңдейтін зауыт салмақшы. Сондай-ақ İskefe Holding кәсіпорны желатин өндірісін қолға алмақ. Alarko Holding компаниясы Шымкентте жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Президенттің айтуынша, осы жобалардың барлығы өңдеу өнеркәсібін өркендетіп, экспорттық әлеуетімізді арттыруға септігін тигізеді.

"Бұдан бөлек, біз заманауи агротехнологияны енгізуге, суару жүйесін дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Сондай-ақ ветеринария және фитосанитария салаларында бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз. Өз тарапымыздан Түркияға "халал" стандартына сай келетін ет өнімдерін экспорттауға дайынбыз", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама