Қазақстанда 7 адам терроризм үшін сотталды

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда шілде айында 7 адам террористік қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК-ге сілтеме жасап.

Қазақстанда шілде айында 7 адам террористік қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК-ге сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, терроризмді насихаттау және шетелдегі қарулы қақтығыс аймақтарына шығуға әрекеттену деректері бойынша Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астанада 5 қазақстандық 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Түркістанда жергілікті тұрғын шетелде террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін 8 жылға сотталды. Ол шетел аумағында ұсталып, Қазақстанға депортацияланған.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек, Алматы облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияны ұстанушы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК халықаралық террористермен байланысы бар деген күдікпен бір адамды Қазақстанға жеткізген болатын. Ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама