Қазақстанда әр өңірдегі дәрігерлердің орташа жасы есептелді

Қазақстанда әр өңірдегі дәрігерлердің орташа жасы есептелді Нейрожелі арқылы жасалған сурет

Қазақстанда қай өңірлерде жас дәрігерлер көп, ал қай жақта орта және егде жастағы медицина қызметкерлері басым екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда қай өңірлерде жас дәрігерлер көп, ал қай жақта орта және егде жастағы медицина қызметкерлері басым екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің орташа жасы

Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының сарапшылары Қазақстан өңірлеріндегі мемлекеттік емханаларда жұмыс істейтін дәрігерлердің жасын салыстырып талдаған.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің орташа жасы өңірге қарай 42 жастан (Түркістан облысы, Шымкент, Астана) бастап, 48 жасқа дейін (Ұлытау облысы) өзгереді. Ел бойынша орташа көрсеткіш - 44 жас.

Орта буын медицина қызметкерлері

Орта буын мамандардың жасы сәл "жасырақ". Мысалы, Шымкентте медбикенің орташа жасы - 38. Ал Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Алматы облысы, Жетісу облысы және Алматыда - 39 жас.

Ең "егде" медбикелер - орташа 44 жас - Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында.

Бұл санаттағы мамандардың ел бойынша орташа жасы - 41 жас.

Қай жастағы дәрігер көп?

Ең көп кездесетін жас тобы - 30–39 жастағы дәрігерлер: олардың үлесі шамамен 37 пайыз. Сонымен қатар, әрбір үшінші дәрігер 50 жастан асқан. Мамандардың айтуынша, кадрлардың "қартаюы" - денсаулық сақтау жүйесіндегі тәуекелдердің бірі.

Еске салайық, 2025 жылдың басында Қазақстанда 281 400 медицина қызметкері болған: 83 379 дәрігер, жоғары білімді 6 293 мейіргер, және 191 728 орта медициналық білімі бар маман (медбике, медаға және т.б.).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама