Қазақстанда әйелдерге тегін контрацепция тарату ұсынылды

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда әйелдерге контрацептив құралдарын тегін беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда әйелдерге контрацептив құралдарын тегін беру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жергілікті атқарушы органдарды осы мақсатқа қаржы бөлуге шақырды.

"Жергілікті атқарушы органдардан жергілікті бюджет есебінен келесі шараларға қаржы қарастыруды сұраймыз: кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жүкті әйелдер мен балаларды облыстық орталықтарға тасымалдау үшін көлікпен қамту, сондай-ақ репродуктивті жастағы осал топтағы әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету", – деді министр.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, репродуктивті жастағы әйелдер контрацептивтерді, оның ішінде жатырішілік спиральдарды да, еліміздің барлық өңіріндегі емханалардан, соның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда тегін ала алады.

Бұл шара жоспарланбаған және денсаулығына қауіпті жүктіліктің алдын алуға, ана мен нәресте өлімін төмендетуге бағытталған.

Айта кетейік, бүгін Ақмарал Әлназарова еліміздің алты өңірінде ана өлімінің артқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ана өлімі ең жоғары тіркелген өңірлер – Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Жетісу және Абай облыстары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама