14 қаңтар 2024 | 13:24

Қазақстанда азаматтық алу ережесі өзгереді

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерден құжат тапсыру кезінде жаңа анықтама талап етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерден құжат тапсыру кезінде жаңа анықтама талап етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау" туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтығына оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдануға" деген бұйрықтың 5-тарауы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылды: өтінішке (өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысымен бекітілген "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама".

Реклама
Реклама

Қазақстан азаматтығына оңайлатылған тәртіппен қабылдауға да өзгерістер енгізілді. Осылайша, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздері болса (бір мезгілде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдануға құжаттар тапсырған кезде) бас тартылады. Бұл қандай негіздер екені құжатта көрсетілмеген. Бұрынғы ережеде мұндай тармақ болмаған.

Ішкі істер министрінің бұйрығы 23 қаңтарға дейін талқыланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная