Қазақстанда азық-түлік бағасы тұрақты – министрлік

24.kz

Қазақстанда төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында инфляцияға әсер ететін факторлар талқыланып, оны тежеу шараларын әзірлеу жайы сөз болды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, тамыз айында жылдық инфляция 12,2 пайызға жетті. Оған ақылы қызметтер қатты әсер етіп отыр. Азық-түлік емес тауарлар бағасы орта есеппен 1 пайызға өсті. Азық-түлік инфляциясы биылғы екінші тоқсаннан бері екі есе баяулап отыр. Тамыз айында ол небәрі 0,5 пайызды құрады. Төрт апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгеріссіз қалып отыр. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері алғаш рет олардың индексін 7,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Реклама
Реклама
  • Тамыз айындағы инфляция - 12,2 пайыз
  • Азық-түлік емес тауар - 1%
  • Азық-түлік - 0,5 пайыз
  • Индекс - 7,8%

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама