03 қараша 2020 | 10:25

Қазақстанда бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есеге өскен

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есеге өскен, - деп хабарлайды Primeminister.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есеге өскен, - деп хабарлайды Primeminister.kz.

Бұл туралы 2 қарашада премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен  коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында айтылды.

Реклама
Реклама

"Осы жылғы 5-18 қазан аралығында елімізде вирус жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында – 3352 адам. Тәулігіне 442 адам ауырып қалды. Өсу қарқыны 0,4 пайыз, репродуктивтілік көрсеткіші - 1,4. Инфекциялық төсек орындары 22 пайызға, реанимациялық орындар 18 пайызға жүктелген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бір ай ішінде сырқаттанушылық деңгейінің ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында байқалғаны айтылады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 309-ға жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная