Қазақстанда 6 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 494,63 теңге болды. Бұл көрсеткіш 0,13 теңгеге төмендеген. Ұлттық банктің 6 ақпанға арналған ресми бағамы - 1 доллар үшін 495,10 теңге.
Еске салайық, 4 ақпанда сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 498,65 теңге болып, 4,4 теңгеге төмендеген еді.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей:
Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу – 494,81 теңге;
- сату – 497,40 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
- сатып алу – орташа есеппен 493,97 теңге;
- сату – 500,97 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!