ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2023 | 10:02
Қазақстанда қашаннан бастап салық өседі? МКК жауабы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұлғайтылған АЕК салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуде қашаннан бастап қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұлғайтылған АЕК салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуде қашаннан бастап қолданылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге мөлшерінде белгіленген. Бұл АЕК мөлшері 2023 жылғы 5 желтоқсандағы "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңмен белгіленген.
Салық кодексіне сәйкес, ең төменгі есептік көрсеткіш бірқатар салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуде қолданылады.
"Бұл салықтарға, тіркеу және рұқсат алу алымдарына, барлық төлем мен мемлекеттік баждарға қатысты. Осы төлемдер мен салықтарды есептеу кезінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін АЕК сомасы қолданылады, яғни 3 692 теңге.
Сондай-ақ, Салық кодексінің нормаларында кірістерді түзету, салық шегерімдері, сондай-ақ жеке табыс салығы салынатын кірістер ретінде қарастырылмаған кірістер АЕК баламасында қарастырылған. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның кірісі болып есептелмейтін кірістерді, салық шегерімдерін және кірістерді есептеу үшін 3 692 теңге мөлшерінде АЕК қолданылады", — делінген МКК-нің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа 2024 жылдан бастап арнаулы салық режимдерін қолдану шарттарына сәйкес осындай режимдерді қолдану үшін шекті табысты айқындау кезінде 3692 теңге сомасында АЕК пайдаланылатынын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также