Қазақстанда Конституция күні қай күнге ауысуы мүмкін екені айтылды

Қазақстанда Конституция күні қай күнге ауысуы мүмкін екені айтылды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда Конституция күні ретінде 1 шілде белгіленуі мүмкін. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Конституция күні ретінде 1 шілде белгіленуі мүмкін. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция референдумда қабылданса, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

"Егер референдумда мақұлданса, жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болады", - делінген мәтінде.

Реклама
Реклама

Референдум өтетін күн

11 ақпанда Конституциялық комиссия мүшелері Президент Тоқаевқа елдің жаңа Конституциясы жобасы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысын таныстырды.

Одан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлық мәтініне сай, Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі референдум 15 наурызда, жексенбі күні өтеді.

Анықтама: Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады.

Қазақстандағы конституциялық реформа

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) Президенттің 2026 жылғы 21 қаңтардағы жарлығымен құрылған. Оның міндеті - конституциялық реформаны жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу.

Бұған дейін Президент Парламент реформасы аясында Конституцияның шамамен 40 бабын өзгерту жоспарланғанын, алайда жұмыс барысында түзетулер бұдан да көп қажет екені белгілі болғанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама