14 наурыз 2020 12:01

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олардың бірі 1958 жылғы ер адам, ол Алматыда. Жеке кәсіпкер екен. 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде ем қабылдап жатыр. 

Реклама
Реклама

Коронавирус, сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы әйелден табылды. Ол Варшавадан (Польша) ұшып келген.

Алматы мен Нұр-сұлтанда коронавирус жұқтырғадардың жалпы саны алтауға жетті.

Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанда 1974 және 1984 жылғы адамдар коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар Германиядан 9 наурызда және 12 наурызда келген. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. 

Үшінші науқас 12 наурызда Миланнан Нұр-Сұлтан қаласына келген. Лабораториялық анализ бойынша азаматтан коронавирустық инфекция анықталды. 

Төртінші коронавирус жұқтырған науқас - Алматы қаласының 1976 жылғы тұрғыны. Ер адам 13 наурызда Германиядан ұшып келген.

Тағы бір қазақстандық науқас Германияда

Айта кетейік, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин елімізге қауіпті дерт 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін деп болжам жасаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram