Қазақстанда күн күрт суытады

Қазақстанда күн күрт суытады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен түрлі қарқынмен жауын жауады: солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде қалың қар жаууы мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда негізінен жаңбыр болжанады. Сонымен қатар, екпінді жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ пен тұман байқалады.

Циклоннан кейін Қазақстанның батыс аймақтарына Ресейдің Еуропалық бөлігінен антициклон тарайды. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді:

Реклама
Реклама
  • батыс облыстарда түнде -10…-22° дейін,
  • солтүстік облыстарда түнде -17…-25° дейін,
  • оңтүстік облыстарда түнде -0…-8° дейін.

Синоптиктердің мәліметінше, 23 ақпаннан бастап елдің солтүстік-батысында, 24 ақпаннан бастап солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде ауа температурасы -25…-37° дейін күрт төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама