Қазақстанда Mellstroy-дің қайда жүргенін білетіндерге сыйақы берілмек

instagram.com/mellstroy

Қазақстанда Беларусь Республикасының азаматы, Mellstroy лақапатымен танымал блогерч Андрей Буримге халықаралық іздеуге жарияланды. Блогердің қай жерде екені туралы ақпарат бөліскендерге сыйақы тағайындалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Беларусь Республикасының азаматы, Mellstroy лақапатымен танымал блогерч Андрей Буримге халықаралық іздеуге жарияланды. Блогердің қай жерде екені туралы ақпарат бөліскендерге сыйақы тағайындалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция Mellstroy туралы ақпарат үшін нақты қандай сома ұсынылатынын анықтамақ болды. Алайда Қаржы мониторингі агенттігі сыйақы мөлшері туралы деректер шектеулі ақпарат санатына жататынын мәлімдеді.

"Күдіктінің ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін төленетін сыйақы туралы мәліметтер шектеулі ақпаратқа жатады. Мұндай ақпаратты тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынған", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство тек бәрі аноним болатынын және сыйақы берілетінін нақтылады.

Контекст

Бұған дейін Қазақстанда Беларусь Республикасының азаматы, блогер Mellstroy (Андрей Бурим) іздеуге жарияланғаны хабарланған. Іздеу туралы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған, бастамашысы – Қаржы мониторингі агенттігі. Іздеу ісі 15 қарашада Астанада тіркелген.

Кейін ҚМА оның қандай күдік бойынша іздестіріліп жатқанын айтып, азаматтарды блогердің болуы мүмкін жері туралы кез келген ақпаратты беруге шақырды.

ҚМА үндеуі

ҚМА іздеудегі адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Астана қаласы бойынша ЭТТД-ге мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды:

+7 7172 70 84 78 - кезекші бөлім;
+7 7172 70 84 79.
"Құпия болатынына және сыйақыға кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында құмар ойындарды жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар, заңсыз ойын бизнесіне сыбайлас болғаны және жәрдемдескені үшін қылмыстық жауапкершілік те көзделген", - деді ҚМА өкілі.

Mellstroy-ға және Қазақстандағы блогерлерге қатысты жанжалдар

Қазанның аяғында Астанада астаналық сауда орталықтарының біріне плакат ұстап, іш киіммен жүгірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынған. Ол блогердің атын айғайлап, одан өзіне пәтер сыйлауын сұраған.

Бұл оқиғадан кейін ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады. Ведомство қазақстандықтарды, әсіресе жастарды, "күмәнді интернет-трендтерге ермеуге" шақырды және "қоғамдық орындарда кез келген заңсыз, арандатушылық немесе адамгершілікке жат әрекеттер жол берілмейтінін және заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін" еске салды.

Еске салайық, бұған дейін Mellstroy атты блогерге іздеу жарияланғаны хабарланды. Кейін ҚМА мән-жайды айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама