Қазақстанда мұнай мен алтын қоры қанша жылға жетеді?

Қазақстанда мұнай мен алтын қоры қанша жылға жетеді? Фото:depositphotos.com

Қазақстанда мұнай, алтын және басқа да ресурстар қоры қанша жылға жетеді? Бұл сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда мұнай, алтын және басқа да ресурстар қоры қанша жылға жетеді? Бұл сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Қанат Ерубаевтан "Ресурстар "таусылғаннан" кейін Қазақстан қандай шаралар қабылдайды?" деп сұрады.

"Шынымды айтсам, "қанша жылға жетеді" деген сұрақ дұрыс қойылмаған. Өйткені қандай жағдайда да барлау жұмыстары жүргізіледі, қор толықтырылып отырады, қосымша қорды көбейту үшін жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізіледі", – деп жауап берді ол.

Реклама
Реклама

Дегенмен ол шамамен есептелген қор көлемі мен мерзімін айтты.

"Шамамен айтсақ, пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік есебінде 4 миллиард тоннадан аса мұнай бар. Қазіргі өндіру көлемін сақтасақ, бұл қор шамамен 50 жылға жетеді. Ал алтынға келсек, мемлекеттік есепте, қателеспесем, 2,3 мың тонна алтын болған. Қазіргі өндіру көлемімен бұл қор бізге 37 жылға жетеді", – деді Қанат Ерубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама