Қазақстанда “Qazaq Digital“ мектептері ашылады

Айжан Калиева Корреспондент
Қазақстанда “Qazaq Digital“ мектептері ашылады MidJourney көмегімен жасалды

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауылдағы білім сапасын арттыру үшін жасанды интеллект негізінде қашықтан оқытуды енгізетін жаңа үлгідегі мектептердің ашылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде "Qazaq Digital Mektebi" атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларға сапалы білім алуға жол ашады", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге елде "Келешек мектептері" ұлттық жобасы жалғасып жатыр. Бүгінде жоспарланған 217 мектептің 150-і пайдалануға берілген, қалғаны алдағы үш айда ашылады.

Жарнама
Жарнама

Мемлекет басшысы балаларды дамыту орталықтарын жеке инвестициялар есебінен салу тәжірибесін барлық өңірге тарату қажеттігін де атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкерлердің басым бөлігі бұл бастаманы қолдауға дайын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама