Қазақстанда тағы 45 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда тағы 45 адамнан коронавирус анықталды Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірдің қорытындысы бойынша 45 адам коронавирус жұқтырды, бұл бір күн бұрынғыдан 34 адамға аз.

Елімізде қазір 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 611+ және 179 КВИ-), оның ішінде 179 пациент стационарда, 1 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Реклама
Реклама

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 3 адамның жағдайы ауыр;
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанда 79 адамнан коронавирус жұқтырып, бір адам қайтыс болған еді және 3 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама