ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қазан 2025 11:54
Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Финалда отандастарымыз Таиланд командасынан басым түсті.
Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш шешуші кездесуде 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы үшінші орын алған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу