Қазақстандық Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты Сурет: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Дода 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Дода 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/4 финалда отандасымыз жапониялық Шунсукэ Китамотомен кездесуі керек еді.

Алайда Қазақстан бокс федерациясы жапон боксшысының жарақатына байланысты жарыстан шығып қалғанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Осылайша, Оразбек Асылқұлов жартылай финалға жолдама алды.

Оразбек Асылқұлов былтыр Дубайда 57 келіге дейінгі салмақта IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанып, кейіннен жоғары салмақ дәрежесіне ауысқан болатын.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, ол да турнирдің жартылай финалына өткен еді.

Тағы оқыңыз: Азия чемпионатының медалі үшін өткен Қазақстан — Өзбекстан жекпе-жегі камбэкпен аяқталды

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама