Тунисте өтіп жатқан ITF M15 санатындағы турнирде қазақстандық теннисші Әмір Омарханов алғаш рет кәсіби мансабында жекелей сында чемпион атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Финалда 18 жастағы Әмір өзімен қатарлас Германия өкілі, ATP рейтингіндегі №824 тұрған Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді.
Бұл жеңіс – Омархановтың кәсіби мансабындағы тұңғыш жекелей титулы.
2024 жылы Әмір – Қазақстан тарихында бірінші болып юниорлар арасындағы "Үлкен шлем" турнирінің жекелей сынында ширек финалға дейін жеткен спортшы атанған еді.
2025 жылы ол юниорлар әлемдік рейтингінде 4-орынға дейін көтеріліп, ATP тізімінде әлемнің үздік 1000 теннисшісінің қатарына енді.
Еске салайық, жартылай финалда Әмір Омарханов Мик Петковичті жеңіп финалға өткен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!