Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы - америкалық Бен Шелтонды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы - америкалық Бен Шелтонды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы (рейтингте 84-орында) қарсыласын үш сетте басып озды - 6:7 (3), 7:6 (3), 6:3.

Матч 2 сағат 25 минутқа созылды.

Реклама
Реклама

Турнирдің үшінші айналымында Александр әлемнің 34-ракеткасы - франциялық Уго Умбермен кездеседі.

Айта кетейік, бірінші айналымда қазақстандық әлемнің 101-ракеткасы - италиялық Маттео Арнальдиді 7:6 (7:5), 6:7 (5:7), 6:2 есебімен жеңген болатын.

25 жастағы теннисші Александр Шевченко 2000 жылғы 29 қарашада туған, 2024 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол әлемдік рейтингте өзінің ең жоғары нәтижесіне жетіп, топ-45 қатарына енді. Ал алдыңғы "Үлкен дулыға" турнирі - Australian Open-де алғаш рет екінші айналымға шығып, жеке рекордын жаңартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама