ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 шілде 2025 14:33
Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогында екі медаль жеңіп алды
Қазақстандықтар триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында екі жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді.
Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтониге (Түркия) бұйырды - 00:58:56.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу