02 қараша 2021 | 10:04

Қазақстандықтар WhatsApp-та қаржы пирамидаларына ақша құйған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Батыс Қазақстан облысында 400-ден аса адам "Лидер", "Алтын Тұмар" және "Великое Будущее" қаржы пирамидаларының құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында 400-ден аса адам "Лидер", "Алтын Тұмар" және "Великое Будущее" қаржы пирамидаларының құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Орал қаласының екі тұрғыны финпирамидалар ұйымдастырып, тұрғындардан ақша алған.

"Ұйымдастырушылар WhatsApp-та чат ашып, жеті күн ішінде салынған қаражаттың 100 пайызынан асатын сыйақы алу үшін ақша салуды ұсынды. Ақша қолма-қол ақшамен де, картаға да қабылданған... Бір салымшыға пайда басқа салымшылардың жарналары есебінен берілген. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлікпен айналыспаған", - деді қаржы мониторингі агенттігінде.

Реклама
Реклама

Қаржы пирамидаларына 435 салымшының қаражаты салынған. Жарналардың жалпы сомасы 63 миллион теңгеден асқан.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз Қазақстанда Questra World қаржы пирамидасынан 1000-нан аса адам зардап шеккенін хабарлаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная