24 мамыр 2022 11:37

Қазақстаннан 670 мың доллар алып шыққысы келгендер анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Наурыз бен сәуірде Қазақстаннан 700 мың доллар көлеміндегі қаржыны экспорттауға тырысқандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Наурыз бен сәуірде Қазақстаннан кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 доллар қолма-қол ақшаны заңсыз әкетуге қатысты 40 жағдай анықталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, шетел валютасын әкетуге тыйым салынған соң кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 мың доллар қолма-қол ақшаны әкетуге қатысты 21 жағдай анықталған.

Реклама
Реклама

Барлық дерек Нұр-Сұлтан мен Алматының халықаралық әуежайларындағы кеден бекеттерінде тіркелген. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске салайық, наурыздың ортасында Мемлекет басшысы "Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram