Қазақстаннан әкелінген жұқпалы ет балалардың ас мәзіріне қосылған - түрікменстандық БАҚ

Фото:depositphotos.com

Түрікменстанда Қазақстаннан әкелінген мұздатылған еттен бруцеллёз табылғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хроники Туркменистана" басылымына сілтеме жасап.

Түрікменстанда Қазақстаннан әкелінген мұздатылған еттен бруцеллёз табылғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хроники Туркменистана" басылымына сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, ет партиялары Ақмола облысынан Түрікменстанға жеткізілген. Санитарлық-эпидемиологиялық зертханалық тексеріс кезінде өнімнен бруцеллёз анықталған. Қазақстан тарапы бұл жағдай жөнінде ресми түрде хабарлап, импорттаушы компания төленген қаржыны толықтай қайтарып беретінін мәлімдеген.

Алғашқы партия Ахал уәлаятындағы балабақшалар мен балалар үйлеріне таратылған. Екінші партия Мары және Лебап уәлаяттарындағы тұтынушылар қоғамының сауда нүктелері арқылы сатылған. Барлық ет тағамға қолданылған.

Реклама
Реклама

Түрікменстанның Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратты құпия сақтап отыр. Дегенмен ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшелерін тексеріп, қажет болса, науқастарды оқшаулауды тапсырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама