Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Трамппен кездесті

СІМ

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, оған сенім грамотасын табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, оған сенім грамотасын табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ мәліметінше, салтанатты рәсім Вашингтонда 16 желтоқсанда өткен.

Сенім грамотасы - бір мемлекет басшысының екінші мемлекетте өз дипломатиялық өкілін (әдетте елшіні) тағайындайтынын растайтын ресми құжат. Дипломат бұл құжатты қабылдаушы елдің басшысына жеке табыстағаннан кейін, ол өз міндетіне ресми түрде кіріскен болып есептеледі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, қыркүйектің аяғында Нью-Йоркке сапардан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Әшікбаевты қызметінен босатқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама