ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2020 12:44
Қазақстанның бірнеше өңірінде боран соғып, тұман түседі
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылып, тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылып, тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз тұман түседі.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсетіні айтылады. Батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанып отыр.
Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді дейді синоптиктер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также