12 сәуір 2022 | 17:15

"Қазақтелеком" акцияларының 30 пайызға жуығы мемлекетке қайтарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан Үкіметі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Үкіметі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын", - делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Реклама
Реклама

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная