Қазақтың ақыны Күләш Ахметова өмірден өтті

adebiportal.kz

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл қайғылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.

Күләш Ахметова - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері.

Реклама
Реклама

Күләш Ахметова – өзінің нәзік лиризмімен, азаматтық асқақ үнімен, ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған тұлға.

Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген "Ақ гүлім менің", "Сен менің бақытымсың", "Бұлақтағы жұлдыздар", "Мейірім", "Жапырақ – жаздың жүрегі" секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды.

Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама