"Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алуға Ұлттық қордан 467,4 миллиард теңге бөлінеді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын Ұлттық қорға сатып алу туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын Ұлттық қорға сатып алу туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Ұлттық қорға (ҰҚ) жалпы сомасы 467,4 миллиард теңгеге "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады.

"Осы шешімді іске асыру аясында ҰҚ қаражатын басқарушы ретінде Ұлттық банкке (ҚҰБ) Ұлттық қордан шамамен 970 миллион АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Операцияның жоспардан тыс сипатын ескере отырып, көрсетілген көлемді қысқа уақыт аралығында сату валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін.

"Осыған байланысты Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріне ҰҚ активтерін тікелей сату арқылы Ұлттық банк біржолғы конверсиялық операция жүргізуге ниетті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, нарықтық бейтараптылықты сақтау мақсатында және осы операцияны валюта нарығына шығару аясында Ұлттық банк валюта нарығында осы көлемдi бiркелкi сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осылайша, шілдеден бастап Ұлттық банк 4 ай ішінде 970 миллион АҚШ долларын сатуға кіріседі, айына 243 миллион АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.

Бұл шара валюта нарығына біржолғы конверсиялық операцияның әсерін бейтараптандыруды қамтамасыз етуге арналған ерекше шара болып табылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная