18 наурыз 2023 | 16:49

"Қазгидромет" алдағы бір аптада ауа райы қандай болатынын болжады

elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-24 наурыз аралығына апта сайынғы гидрологиялық болжамды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-24 наурыз аралығына апта сайынғы гидрологиялық болжамды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18-19 наурыз аралығында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, фронтальды бөлімдердің өтуімен кезең ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік жартысында жаңбыр жауатыны болжанады. Мол мөлшердегі жауын-шашын (жаңбыр, қар) 19 наурызға қараған түні Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында түседі, осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде беткейлік ағын қалыптасады", - деп хабарлады синоптиктер.

22-24 наурызда жауын-шашынға (жаңбыр, қар) әсер ететін Солтүстік циклон шұңқыры солтүстік аймақтардың аумағына ауысады.

Реклама
Реклама

"21 наурыздан бастап Ұлытау, Павлодар, 22 наурыздан бастап Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндізгі температура біртіндеп 3-13 жыли бастайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная