Қазгидромет алматылықтарға ескерту жариялады

Айжан Калиева Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазгидромет Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 6 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырау және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", – делінген хабарламада.

Алматыдағы ауа райы

Реклама
Реклама

6 тамыз күні Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстіктен соққан жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 16–18°C, күндіз 28–30°C жылы болады.

Қазақстандағы тамыз айының ауа райы

Қазгидромет болжамына сәйкес, 2025 жылғы тамызда Қазақстанда ауа райы күрт ауысып тұратын болады: кейбір өңірлерде жауын-шашынсыз аптап ыстық болып, ал кей өңірлерде жаңбыр жауып температура күрт өзгереді. Айдың алғашқы онкүндігінде жылыну солтүстік пен шығысқа келеді, ал оңтүстік пен батыста керісінше аздап салқындайды.

Кейін ауа райы тұрақсыз болады – ыстық күндер салқын әрі жаңбырлы күндермен алмасып отырады, найзағай, бұршақ және шаңды дауылдар болуы мүмкін. Жалпы жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады, бірақ солтүстік пен шығыста жауын көбірек жаууы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама