Қазнетте ұйқыға қатысты шағым көбейді: дәрігер себебін түсіндірді

Қазнетте ұйқыға қатысты шағым көбейді: дәрігер себебін түсіндірді Фото:depositphotos.com

Қазнетте ұйқыға қатысты шағым көбейді. Бірі таң атқанша ұйықтай алмайды, енді бірі шаршап оянады. Tengri Life мұны қалыпқа қалай келуге болатынын анықтады.

Қазнетте ұйқыға қатысты шағым көбейді. Бірі таң атқанша ұйықтай алмайды, енді бірі шаршап оянады. Tengri Life мұны қалыпқа қалай келуге болатынын анықтады.

Қазақстандықтар не дейді?

Бұл тақырыпқа қатысты Threads желісінде талқылау басталды. Онда қолданушылар 2026 жылдың басы "бірінен ерекшеленбейтін" күндерге айналып кеткенін жазған. Көпшілігі физикалық тұрғыда шаршағанымен, ми үздіксіз жұмыс істеп тұратынын айтқан.

Реклама
Реклама

"Бүгін ең ауыр түн болды. Күндіз де ұйықтамадым, түні бойы да көз ілмедім. Ал жарты сағаттан кейін жұмысқа баруым керек. Қызығы, қанша сағатқа дейін шыдап, жүріп келе жатып құлап қалмаймын екен?!" - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Басқалары бұл мәселе жаппай сипат алып бара жатқанын айтады.

"Интернетте "2026 - жаппай ұйқысыздық" деген видеолар жиі кездеседі. Шынымен де 1 қаңтардан бері тұрақты түрде таңғы 6–7-де ұйықтап, шамамен 16:00-де тұратын болдым… Бұған қатысты не айта аласыздар?" - деп жазды тағы бір автор.

Мұндай жазбалардың пікірлерінде ондаған ұқсас оқиғалар сипатталған.

Кейбірі өз бетінше күресуге тырысады: мелатонинді, "ұйқы тапшылығын" және режимді қалпына келтірудің басқа жолдарын талқылайды.

Мұның себебі не? Сомнологтың пікірі

Сомнолог дәрігер Әділ Бейсенбаевтың айтуынша, жаппай бұзылыстың себебі қарапайым - бұл циркад ырғақтарға соққы.

Анықтама: Бейсенбаев Әділ Жұмажанұлы - сомнолог, жеке медициналық орталық пен көпсалалы клиникада ұйқы бұзылыстарын зерттеу және емдеу бағытының жетекшісі.

"Егер біз кеш жатсақ және кеш тұрсақ, онда біздің циркад ырғақтарымыз, биологиялық ырғақтарымыз жылжиды. Егер сіз түскі 12-ге дейін ұйықтап алсаңыз, онда кешкі 10–11-де тиісінше ұйықтай алмайсыз. Өйткені ағза әлі шаршап үлгермейді", - деді ол.

Ұйқыны "жөндеу" үшін маман тексерілген "10,3,2,1,0" ережесін қолдануға кеңес берді:

  • ұйқыға дейін 10 сағат бұрын кофе және құрамында кофеин бар сусындарды ішпеу;
  • ұйқыға дейін 3 сағат бұрын тойып тамақтанбаған дұрыс;
  • ұйқыға дейін 2 сағат бұрын ой еңбегі мен дене жүктемесін шектеу;
  • ұйқыға дейін 1 сағат бұрын гаджеттер қарамау: ұялы телефон, теледидар, ноутбук.

"Нөл - бұл таңертең оянсаңыз, төсекте жатып қалмай, будильниктің батырмасын әр 5 минут сайын баспаңыз деген сөз", - деп нақтылады дәрігер.

Дәрігер сондай-ақ кең тараған аңызды жоққа шығарды: міндетті түрде дәл 8 сағат ұйықтау шарт емес. Біреуге 6 сағат жеткілікті, ал біреуге 10 сағат та аз болуы мүмкін. Ең басты өлшем - трекердегі сан емес, өзіңіздің хал-жағдайыңыз.

"Кейбір науқастар келіп: "Мен 6 сағат ұйықтаймын, ал маған 8 керек, сондықтан өзімді ұйықтауға мәжбүрлеймін" дейді", - деді ол.

Дәрігердің түсіндіруінше, адамдардың көпшілігі үшін 7–9 сағат ұйқы - орташа бағдар. Бірақ бұл жеке ерекшелікке байланысты: біреуге 6 сағат жеткілікті, ал біреуге өзін сергек сезіну үшін 10 сағат қажет.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама