02 сәуір 2023 09:07

"Қазпошта" жүргізушісі көлікті масаң күйде айдаған

Фото: видео скрині

Қызылордада көлікті мас күйде айдаған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада көлікті мас күйде айдаған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

31 наурызда Самара – Шымкент тасжолының 1475 шақырымында Қазалы ауданының тұсында патрульдік рота бекетінің қызметкерлері жол ережесін бұзған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан.

Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Қазалы аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарып, оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар тексеру барысында жүк көліктің "Қазпошта" мекемесіне тиесілі екені белгілі болды.

Алматы тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жүк көлігі айып тұрағына қойылды. Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram