17 маусым 2023 | 09:16

Кентауда жас қыздар төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысы Кентау қаласында кәмелетке толмаған қыз ауруханаға түсті. Оның анасының айтуынша, қызын үйдің ауласында үш қыз жабылып, соққының астына алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Кентау қаласында кәмелетке толмаған қыз ауруханаға түсті. Оның анасының айтуынша, қызын үйдің ауласында үш қыз жабылып, соққының астына алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға маусымның 15-інен 16-сына қараған түні болған. Полицияға жас қыздың дене жарақатымен ауруханаға түскені туралы дәрігерлер хабарлаған. Бұл дерек Кентау полиция басқармасында тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыздар жанжалдасып қалған.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жәбірленуші қыздың орталық аураханаға жабық бас ми жарақаты диагнозымен түскенін хабарлады. Қазіргі таңда ол травматология бөлімінде ем алып жатыр, жағдайы орташа ауыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная