КҚК-ның үш айлақ құрылғысының бірі жөндеуден кейін қайта іске қосылды

КҚК-ның үш айлақ құрылғысының бірі жөндеуден кейін қайта іске қосылды cpc.ru

Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалында жөндеу жұмыстары толық аяқталып, үшінші айлақ құрылғысын жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалында жөндеу жұмыстары толық аяқталып, үшінші айлақ құрылғысын жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"21 қаңтарда айлақ құрылғысының жүк жүйесіне гидросынақ жүргізілді, одан кейін суасты мұнай құбырында сүңгуірлер соңғы манифольдті ашты, 25 қаңтарда мұнайды ауыстырып тиеу үшін танкерді қою жүзеге асырылды", – делінген таратылған хабарламада.

Екінші айлақ құрылғысына жасалған шабуыл салдарынан құрылғы зақымданып, жұмысы тоқтағаннан кейін жөндеу жұмыстарының мерзімі мен көлемі оңтайландырылған.

Реклама
Реклама

Консорциумның мәлімдеуінше, мұнай жөнелтушілердің жылдық жоспардағы көлемдерін толық орындау үшін кемінде екі құрылғы қатар жұмыс істеуі керек.

Үшінші айлақ құрылғысын жөндеу жұмысы оңай болмаған: ауа райы мен теңіз жағдайы күрделі болып, су астындағы ағыс жиі өзгергендіктен, сүңгуірлер жұмысы бірнеше рет тоқтатылған.

Қазір теңіз терминалынан мұнай тиеу қалыпты режимде жүріп жатыр: мұнай бірінші және үшінші айлақ құрылғылары арқылы жөнелтіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама