03 маусым 2023 13:41

ҚМГ: "Өзенмұнайгаздағы" тексеріс кезінде құқық бұзудың 160 дерегі анықталды

Фото: ozen.kz

"Өзенмұнайгаздағы" тексеріс кезінде құқық бұзудың 160 фактісі анықталды, оның ішінде 101 факті бойынша жауапты тұлғалар жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өзенмұнайгаздағы" тексеріс кезінде құқық бұзудың 160 фактісі анықталды, оның ішінде 101 факті бойынша жауапты тұлғалар жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" арнайы жұмыс тобы Жаңаөзенде тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта 55 шаруашылық қызмет нысаны, соның ішінде "Өзенмұнайгаз" АҚ 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 8 мұнай сервис ұйымы мен 30 басқа да мердігер ұйымның қызметі талданды.

"Өзенмұнайгаз"-дың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде алдын ала 160 бұзушылық пен сәйкессіздік анықталды, оның ішінде:

Реклама
Реклама
  • 7 факті ҚР заңнамасына сай шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді;
  • 10 факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр;
  • 101 факті бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылады.

Келтірілген шығын сомасы процессуалды және регламенттеуші іс-шаралардың қорытындысы кезінде белгілі болады.

"Біз құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп, заңға қайшы анықталған әрекеттер жайлы дер кезінде хабарлап отырмыз. Бұдан әрі олар тергеу жүргізіп, өзге іс-шараларды қолға алады. Солардың біріне кеше Экономикалық тергеу департаментінің "Өзенмұнайгаз" бас директорының орынбасарын ұстау фактісі де жатады. Комиссияның жұмысы әлі аяқталмады, көптеген факт бойынша қызметтік тергеулер жүріп жатыр", - деді арнайы жұмыс тобының жетекшісі, "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram