Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Антикордың бұрынғы басшысы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеудің барысы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қойгелдиевтің айтуынша, қылмыстық іс тергеліп жатыр, алайда Қожамжаровтың процестік мәртебесі әзірге анықталған жоқ.
"Қалғанының бәрі тергеу қорытындысы бойынша шешіледі", - деді бас прокурордың орынбасары Мәжілістегі брифингте.
Нығматулиндерге қатысты істер
Сондай-ақ, одан Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің туыстарына қатысты тергеудің барысы туралы сұралды. Атап айтқанда, оның ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған. Қойгелдиевтің айтуынша, іс Қарағанды облысындағы хоккей клубына бөлінген қаражатты жымқыруға байланысты.
Тағы бір ағасы - Ерлан Нығматулинге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, экс-спикердің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр. Қойгелдиевтің нақтылауынша, Түркияға құқықтық көмек көрсету туралы сұрау жіберілген, қазір жауап күтіліп отыр.
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Бас прокуратурасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Тергеу шенеуніктік өкілеттігін асыра пайдалану және қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру деректері бойынша жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!