Көлік вице‑министрі ұсталды деген ақпарат пайда болды

Фото ©️ Tengrinews.kz

Бірнеше Telegram-арнада көлік вице-министрі ұсталғаны хабарланды. Онда Сәтжан Әблалиев пара алды деген күдікке ілінгені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше Telegram-арнада көлік вице-министрі ұсталғаны хабарланды. Онда Сәтжан Әблалиев пара алды деген күдікке ілінгені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алайда оның ұсталғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Редакция бұл жайтқа қатысты мемлекеттік органдарға сауал жолдағанымен, ҰҚК мен Көлік министрлігінің баспасөз қызметтері әзірге пікір білдірген жоқ. Tengrinews.kz дереккөзі көлік вице-министрі күдікке ілінгенін растады, бірақ егжей-тегжейін айтқан жоқ.

Сәтжан Әблалиев 2023 жылғы қазаннан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

Сәтжан Әблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институты мен Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама