04 қазан 2023 | 18:03

Қонаев қаласының Орталық алаңында "Шахмат керуені" өтті

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылғы 4 қазан күні шахмат қозғалысын насихаттау мақсатында "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы", "Қазақстан Шахмат федерациясы", "Алматы облысының шахмат федерацияларының", қолдауымен Қонаев қаласының Орталық алаңында "Шахмат керуені" өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2023 жылғы 4 қазан күні шахмат қозғалысын насихаттау мақсатында "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы", "Қазақстан Шахмат федерациясы", "Алматы облысының шахмат федерацияларының", қолдауымен Қонаев қаласының Орталық алаңында "Шахмат керуені" өтті.

Іс-шараға демеушілік көрсеткен жобаның бас серіктесі Freedom broker компаниясы. "Шахмат керуені" республикалық жобасының салтанатты кездесуінде Алматы облысының аудандық және қалалық іріктеу турларының жеңімпаздары - 20 шахматшы ойынға шықты. Қонаев қаласының Орталық алаңда орнатылған тақырыптық киіз үй шахмат турнирінің мобильді залына айналды.

Реклама
Реклама

Жарыс Швейцария жүйесі бойынша 11 турдан тұрды. Уақытты бақылау –партияның соңына дейін 5 минут, біріншісінен бастап әр қадамға 3 секунд қосқанда есептелінді.

Осы өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 10 қарашада Түркістанда өтетін гранд-финалға қатысады. Ойынның жүлде қоры - 5 миллион теңге.

Керуеннің негізгі идеясы – ойын барысында сауда-саттықпен қатар халықтардың мәдени және спорттық мұраларын алып келген "Ұлы Жібек жолымен" жүріп, Еліміздің тұрғындарын шахмат ойынына қызықтыру.

Бұдан бұрын, Қазақстан шахмат федерациясы ребрендинг өткізіп, жаңа логотип бекітті. Жаңа логотипте шахмат фигураларының бірі – аттың бейнесі мен ежелгі "Мүйіз" оюы үйлесім тапқан. "Бұл – біздің құндылықтарымыздың, эволюциямыздың және кемелдікке деген ұмтылысымыздың көрінісі", - дейді федерация президенті Тимур Турлов.

Өткен маусымда Қазақстанда бірқатар маңызды шахмат турнирлері өтті. Шахмат ойынын дамыту бойынша алдағы жоспарлар да ауқымды. Мысалы, федерация "Мектептегі шахмат" жобасы аясында 5 жыл ішінде бастауыш сынып балаларының 20 пайызын ойын дағдыларымен қамтуды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Алматы облысының әкімдігі ұсынған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная