ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қыркүйек 2020 | 18:43
Көпірден секірмек болған алматылық қызды құтқару сәтінің видеосы жарияланды
Алматы полициясы көпірден секіргелі тұрған қызды құтқарған сәттің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полициясы көпірден секіргелі тұрған қызды құтқарған сәттің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Құқық қорғаушылар қыз 10 қыркүйекте таңертең көпірдің қоршауынан асып кеткенін айтады.
"Біз өзіміздің патрульдік учаскемізде болдық. Біздің машинаны бірнеше ер адам тоқтатты, олар көпірден бір қыз секірейін деп жатқанын айтты. Біз көпірге барып, оған ақырын жақындадық. Қыз қатты жылады, біздің жақындамауымызды өтінді, бізбен байланыс орнатпады. Мен оның назарын аудару үшін әңгіме айта бастадым. Ал менің серіктесім полиция лейтенанты Елдос Айдосов көпірдің биіктігін қараймын деген желеумен қызға жақындай бастады. Ол бір сәтте қыздың қолынан ұстап, оны жібермеді. Содан кейін біз қызды көпірдің бергі жағына қарай шығардық", - деді "Боран-127" патрульдік экипажының қызметкері полициясы аға лейтенанты Нарбек Оразалиев.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қыз ұзақ уақыт бойы қалпына келе алмай, жылай берген. Полиция бөлімінде ол бұл әрекетке баруына жеке мәселелері ғана себеп болғанын айтқан. Оның жасы - 30-да.
Еске салайық, оқиға 10 қыркүйекте сағат 08.15-те Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан көпірде болған. "ГРУПП Четыре" компаниясының күзетшісі Серік Ерболов қызметі барысында бір қыздың күдікті әрекеттерін байқаған. Ол радиобайланыс арқылы дереу әріптестеріне баяндап, өзі көпірге қарай бет алған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz) 9 Сен 2020 в 11:22 PDT
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также