ПОДЕЛИТЬСЯ
28 шілде 2024 | 14:02
Қорғаныс министрлігі Голан шыңына жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады
Израильдің бақылауындағы Голан шыңындағы Мадждал Шамс ауылын атқылаудан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Times of Israel газеті Израиль армиясының баспасөз хатшысы Даниел Хагариге сілтеме жасап, Голан шыңына жасалған соққыдан 10 адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейін қаза тапқандар саны 12-ге жетті.
"Голан шыңында БҰҰ бітімгершілік миссиясын атқарып жатқан қазақстандық контингент әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр, жеке құрамның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деді еліміздің Қорғаныс министрлігі қызметкерлері.
Times of Israel басылымының мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы 10 мен 20 жас аралығындағылар. Ливаннан атылған зымыран футбол алаңына түсті. Ескерту сиренасы естілгенімен, ол тым қысқа болғандықтан, жасөспірімдер дер кезінде қашып құтыла алмады.
Израиль шенеуніктері зымыран атқаны үшін Ливанның қуатты қарулы тобы Хизболланы айыптап, жауап қайтаруға уәде берді. Алайда "Хезболла" бұл оқиғаға мүлдем қатысы жоқ екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также