ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2020 | 11:39
Коронавирус жұқтырған модель өкпеден дыбыстар шығатынын айтты
Коронавирус жұқтырған француз моделі Интан Клемент тыныс алғанда өкпесінен дыбыстар шығатынын айтады, - деп жазады Daily Star.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус жұқтырған француз моделі Интан Клемент тыныс алғанда өкпесінен дыбыстар шығатынын айтады, - деп жазады Daily Star.
Дереккөз мәліметінше, 30 жастағы модель бұл вирусты сүйіктісінен жұқтырған.
Модельдің айтуынша, карантинге дейін олар достарымен шаңғы тебуге барған. Сол жақта жүргенде өзін әлсіз сезіне бастаған, тыныс алуы қиындаған. Бастапқыда қыз оған назар аудармаған, бірақ барған сайын тыныс алуы қиындап, жөтеле берген.
Коронавирустан айыққан америкалық қыз қазақстандықтарға кеңес берді
Кейінірек тыныс алу кезінде өкпесінен дыбыстар шыққанын байқаған. Содан видео арқылы дәрігерге хабарласқан. Дәрігер болса оған суық тигенін айтып, парацетамол ішуге кеңес берген. Ал 20 наурызда Интан Клемент дәрігерге барып көрмекші болған. Сол кезде ғана модельдің коронавирус жұқтырғаны анықталған.
Интан Клемент коронавирустың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также