Қостанай облысында жасырын есірткі зертханасы әшкереленді

Кадры из видео

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тінту барысында 2 кг-ға жуық дайын "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді.

Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама