Қостанай облысында полицейлер такси жүргізушісінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың алдын алды

viewings icon 786
comments icon 0
Фото: видеодан алынған кадр Фото: видеодан алынған кадр

Қостанай облысында полицейлер такси жүргізушісінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысында полицейлер такси жүргізушісінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 қыркүйекте Лисаков қаласында такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевқа Лисаковтағы бір мекенжайдан заттар салынған сөмкені алып, Рудныйға жеткізу қажет екенін айтқан әйелден тапсырыс түскен. Әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен.

Реклама
Реклама

Пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген. Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керегін айтты.

Такси жүргізушісі күдіктеніп, полицияға хабарласқан.

Зейнеткер қылмыскерлердің өзі шақырған такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған. Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов қызында бәрі жақсы екенін айтып, зейнеткерге ақшаны қайтарып берді.

Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная