Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған студент өлі табылды

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған студент өлі табылды Фото © Tengrinews.kz

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған 17 жастағы студент өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған 17 жастағы студент өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірімнің із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Гагарин бөгетінің маңындағы қамысты аумақтан оның денесін тапқан. Зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Реклама
Реклама

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Мән-жай

Еске салайық, 17 жастағы студент Владимир Орел 17 наурызда жатақханадан шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

Оны іздеу жұмыстары ауқымды түрде жүргізілді. Оған полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылды.

Тобыл өзені маңындағы аумақ пен қаланың шет жақтары күн сайын мұқият тексеріліп, бейнебақылау камераларының жазбалары да зерттелді.

Бұған дейін жасөспірімнің анасы көмек сұрап, қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды полицияға хабарласуға шақырған видео жариялаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама