Қостанайда 68 жастағы зейнеткерді көлік қағып өлтірді

Қостанайда 68 жастағы зейнеткерді көлік қағып өлтірді Видео кадры

Қостанайда жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері растады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қайғылы сәт анық көрінеді: автобус жүргізушісі (видеорегистратор түсірген) жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтайды, ал сол сәтте жеңіл автокөлік аялдаған автобустың қасынан өтіп, әйелді соғып кетеді.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, оқиға 12 желтоқсанда күндіз Қостанайда болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу "Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Алматыда да жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі ұсталғаны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама