19 қазан 2020 | 10:47

Қостанайда жасырын казино иесінің ұсталған сәті видеоға түсірілді

Видеодан алынған кадр

Қостанай облысында карантин кезінде жұмыс істеген екі казино әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында карантин кезінде жұмыс істеген екі казино әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері арнайы мақсаттағы "Қыран" бөлімшесімен бірлесе отырып,  түрлі аумақтарда бір уақытта екі жасырын казиноның заңға қайшы қызметінің жолын кесті.

Реклама
Реклама

"Түрлі құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін іс фигуранттары қала аумағында арнайы орындарды жалға алған. Ойын жабдықтарын қолдана отырып, олар ойынға 10 000 теңгеден кем емес сомаға фишкалар сатып алған ойыншыларды ғана қатыстырған. Содан кейін ақшалай ұтысты білдіретін ауызша келісім жасаған.

Тексеріс барысында покерге арналған үстел, 6 ойынға арналған үстел, ойын карталарының 15 колодасы, фишкалар, бейнежазбалары бар ресивер, ойынға тігілген мөлшерлемелер туралы жазбалары бар журнал және блокнот, ойын фишкалары бар кейс, Samsung маркасындағы электронды планшет және ақшалай қаражат анықталып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная